Физика пәнінің мұғалімі

СтранаКазахстан
ОтрасльИТ, интернет, телеком
СпециализацияМашинное обучение и ИИ
ЗанятостьПолный день
Формат работыОфис
Опубликовано 16 сентября 2026 г.

Міндеттері: Білім алушыларға физика пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес теориялық, практикалық және зертханалық сабақтар өткізеді. Оқу жұмыс жоспарына, оқу бағдарламаларына және сабақ кестесіне сәйкес оқу процесін ұйымдастырады. Сабақтарға қажетті оқу-әдістемелік материалдарды, дәрістерді, практикалық және зертханалық жұмыстарды әзірлейді. Білім алушылардың білімін, біліктері мен дағдыларын бағалауды жүзеге асырады. Білім алушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуын бақылайды. Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді. Дарынды және қабілетті білім алушылармен жұмыс жүргізіп, оларды олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, конкурстарға және басқа да пәндік іс-шараларға дайындайды. Физика пәні бойынша зертханалық жұмыстарды қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтай отырып ұйымдастырады және өткізеді. Физика кабинетінде және зертханада пайдаланылатын оқу жабдықтарының, аспаптар мен құралдардың дұрыс әрі қауіпсіз қолданылуын қамтамасыз етеді. Сабақ барысында білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау, еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Электрондық журналды және колледжде қолданылатын ақпараттық жүйелерді белгіленген талаптарға сәйкес уақтылы жүргізеді. Оқу құжаттамаларын белгіленген тәртіппен жүргізеді және қажетті есептілікті уақытында ұсынады. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдарды жетілдіреді және жаңа оқыту технологияларын қолданады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын, ғылыми дүниетанымын, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізеді. Пәнді оқыту барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және цифрлық білім беру ресурстарын қолданады. Әдістемелік бірлестіктің жұмысына, педагогикалық кеңестерге, семинарларға, конференцияларға және колледждің басқа да оқу-әдістемелік іс-шараларына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады, біліктілікті арттыру курстарынан және кәсіби даму іс-шараларынан өтеді. Білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтейді, педагогикалық әдеп нормаларын сақтайды. Білім алушылардың ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен қажет болған жағдайда өз құзыреті шегінде жұмыс жүргізеді. Колледждің ішкі еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтайды. Колледж басшылығының өз қызметтік міндеттеріне қатысты заңды тапсырмаларын орындайды. Талаптар: Жұмыс тәжірибесі: 1 жыл. Білімі: жоғары. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің немесе техникалық және кәсіптік білімінің болуы, білім беру саласындағы тиісті бейіні бойынша кәсіби даярлығы болуы. Физика пәні бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруға қажетті кәсіби құзыреттерінің болуы. Педагогикалық қызметке қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі. Оқытудың заманауи әдістерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және цифрлық білім беру ресурстарын пайдалана білуі. Топырақтың минералды және химиялық құрамын зерттеу. Оқу сабақтарын жоспарлау. Аналитикалық ойлау. Ауызекі сөйлеу дағдылары. Біз ұсынамыз: Еңбек заңнамасына сәйкес қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларына құқығы бар. Кәсіби біліктілігін арттыруға.

⚠️ Будьте внимательны: вакансия размещена из открытых источников и может быть недостоверна.

Зарплата

100 000 ₸